«Отанды сүю иманнан» атты бейнероликтер байқауын жариялайды
«Отанды сүю иманнан» атты бейнероликтер байқауын жариялайды

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры Қазақ хандығының 550 жылдығық мерейтойына орай республикалық «Отанды сүю иманнан» атты бейнероликтер байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Ел тарихындағы дін мен дәстүрдің ұштасқан озық үлгісін көрсету, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа жеткізу, ықылым заманнан атадан балаға мұра болған мәдени мұраларымызды, дінаралық татулық пен төзімділіктің қазақстандық үлгісін насихаттау, қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың жат пиғылын әшкерелеу.

Бейнероликтерге ұсынылатын тақырыптар:

1. Дін мен дәстүр сабақтастығы.

2. Отан отбасынан басталады.

3. Ұлттық тәрбие – рухани азық.

4. Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі.

5. Қазақ хандығы дәуіріндегі мұсылманшылық.

6. Теріс діни ағымдар – ел дұшпаны.

7. Экстремизм дінге жат.

8. Бөтен елдің соғысына есі ауған қатысады.

9. Отанды сүю иманнан.

10. Бірлік болмай, тірлік болмас.

Байқаудың шарттары:

-      байқауға кез-келген БАҚ өкілдері, студио немесе телерадио ұжымы қатыса алады;

-      бейнеролик байқау мақсатында көрсетілген тақырыпқа сай нақты бір мәселеге арналуы керек;

-      байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін бейнеролик қатыстырылмайды.

-      бейнероликтің ұзақтығы 3-5 минут аралығында болуы тиіс.

Жүлделер:
Бас жүлде   –  500 000 (бес жүз мың) теңге

І орын          –  250 000 (екі жүз мың) теңге

ІІ орын         – 150 000 (жүз елу мың) теңге

ІІІ орын        – 100 000 (жүз мың) теңге

Ескерту:

-       Байқау жеңімпаздарын арнайы қазылар алқасы анықтайды;

-       Байқауға келіп түскен бейнероликтер maturidi.kz сайтында жарияланады;

-       Бейнероликтер 2015 жылдың 20-қыркүйегіне дейін қабылданады;

-       Байқау қорытындысы Атырау қаласында өтеді.

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер бейнероликтерін 2015 жылдың 20-қыркүйегіне  дейін shapagat.atyrau@mail.ru электронды поштасына жіберуі, өзі немесе өз атынан басқа кісі AVI немесе VOB форматында екі данамен мына мекенжайға жолдауы тиіс: Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 40а «Өнерпаз» үйі, 4-қабат, 409-бөлме. Байқауға  қатысушы міндетті түрде өзінің аты-жөнін, мекен жайын, телефон нөмірі мен электрондық адрестерін де көрсетуге тиіс.

Байланыс үшін телефондар:

8 (7122) 20 31 83 факс, 755 660.   

8 775 658 94 81,

8 777 164 93 53

http://maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/725-otandy-s-yu-imannan-atty-bejnerolikter-bajkauyn-zhariyalajdy

Шапагат АтырауШапагат Атырау
1 год назад 1556
4 комментария