Қайта қауышқанша, Рамазан!
«Қасиетті Рамазан айы – адамдарға жол көрсетуші және тураны терістен айырудың айқын дәлелдері ретінде Құран түсірілген ай. Олай болса, сендерден Рамазан айына жеткендер сол айда ораза ұстасын...» (Бақара, 183). Рамазан айының қалған он бір айдан ерекшелігі мен айырмашылығы қай қырынан алсақ та көк пен жердей. Рамазан айын он екі айдың сұлтаны деп қалай дәл айтқан? Жаратушының алғысына, разылығына, шапағатына лайық пенделерді осы дүниеде жүргенде-ақ қуантатын Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері сөзіміздің дәлеліндей: «Рамазан айы кіргенде жаннат...