Енді Сирия босқындарын тамақтандыру үшін ол жерге бару шарт емес. Себебі, БҰҰ босқындарды тамақтандыру мақсатында ұялы телефонға арнайы жаңа бағдарлама ойлап шығарды.
Аталмыш бағдарламада «ShareTheMeal» (асыңмен бөліс) атты батырманы басып, босқындарға аударатын қаражат көлемін көрсетсеңіз ғана болғаны.
Бағдарламаны шығарушы Себастьян Стрикердің айтуынша, ең аз тиын болса да аударылған ақша бір босқын сәбиді тамақтандыруға жетеді екен.
«Біздің қазіргі мақсат осы бағдарлама арқылы Иордания шекарасында орналасқан 20 мың босқынды 1 жыл бойы аспен қамтамасыз ету» дейді Себастьян.
Қазіргі таңда босқындарға қол ұшын бергісі келген кез-келген азамат бұл бағдарламаны iOS,Android иелері ғаламтордан тегін жүктеп ала алады.
http://maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1276-boskyndardy-tamaktandyr-y-yz-kele-me