«Дін және жастар» тақырыбында конференция өтті
«Дін және жастар» тақырыбында конференция өтті

Атырау. 21 шілде. Maturidi.kz - Махамбет ауданында «Дін және жастар» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Қазіргі қоғамда жастардың діни сауаттылығын арттыру, олардың дін саласы кеңістігіндегі ағымдар мен өзекті мәселелерден жан-жақты хабардар ету, пікір алмасу, деструктивтік сипаттағы жаңа діни ағымдарының мәнін объективті түрде түсіндіру, діни-экстремистік ағымдарының идеологиясына сыни пікір білдіру, ұлттық ділімізге сіңісіп, дәстүр мен салтқа сай қалыптасқан Ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттау мақсатында өткен конференцияға теолог-дінтанушы Аташев Айбек Асқарбекұлы арнайы қатысып, тақырып аясында келелі ойларын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Шапагат АтырауШапагат Атырау
9 жыл бұрын 2856
0 пікір
Блог туралы