«Ислам мемлекеті» түбінде жеңіледі.
«Ислам мемлекеті» түбінде жеңіледі.

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен күрес ұзаққа созылады және оны жеңу тек жергілікті  үштік құрылымдардың ғана қолынан келеді. Бұл жайында АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда өткен жиында мәлімдеді.

Обама лаңкестік ұйыммен күрестің қиындап бара жатқанын және америкалық азаматтарды өз қатарларына қосып алып жатқанын тілге тиек етті. "Майда лаңкестік ұйымдар бүгінде үлкен қауіп төндіріп отыр" деп атап өтті АҚШ президенті.

Оның айтуынша, «Ислам мемлекеті» түбінде жеңіледі. Қазірдің өзінде лаңкестік ұйым Ирактағы жаулап алған жерінің төрттен бірінен айрылып қалған дейді Барак Обама.

АҚШ президенті атап өткендей, экстремистік ұйыммен күресті негізінен жергілікті күштік құрылымдар жүргізуі тиіс. Ал, халықаралық коалиция оған тек қолдау білдіру үшін қажет. Оның айтуынша, Вашингтон лаңкестерді қаржыландыратын жолдарды жоюмен де айналысып келеді.

«Өңірдегі ахуалды тұрақтандыру үшін ең алдымен Башар Асад биліктен кетіп, жаңа үкімет құрылу керек. АҚШ Сирия президентінің отставкаға кетуі үшін күш салуын жалғастыра беретін болады» деп қорытындылады Барак Обама.

http://www.maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/729-b-obama-islam-memleketin-zhe-u-shin-asad-bilikten-ketu-kerek

 

Шапагат АтырауШапагат Атырау
9 жыл бұрын 2475
0 пікір
Блог туралы