Кеше Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади қатты нөсер мен тасқыннан елде төтенше жағдай орын алғанын хабарлады. «Әл-Жәзира» катарлық арнасы хабарлағандай, нөсерлі жаңбыр салдарынан бірнеше Ирак қалаларында өзендер арнасынан тасып, жаңбыр және кәріз жүйесі суларымен араласып, қалаларды шайып кетті. Осының салдарынан жүздеген адам қаза тапқан деген деректер пайда болды.
Ирак үкімет басшының бұйрығымен қайғылы апатпен күресу үшін министрлік қызметкерлері, арнайы қызмет, азаматтық қорғаныс және еріктілер тобы жұмылдырылды.
ТАСС агенттігі хабарлағандай, бұл апат Ирактың шеткі аудандарына елдің солтүстік және солтүстік өңірлерінен ИШИМ террористерінен бас сауғалап қоныс аударған тұрғындарға қиыншылық тудыруда.
Метеорологиялық болжамға сүйенсек, алдағы уақытта күн райы өзгермейтін көрінеді. Жуық уақытта нөсерлі жауын қайта жалғасады деп болжануда.
Ал осы уақытта Иракта жұқпалы аурулар өршу қаупі бар. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 қараша күні тіркелген дерек кемінде 2 200 тұрғын жұқпалы ауруға шалдыққанын көрсетіп отыр. осыған байланысты сенбі күні тырысқақ ауруына қарсы жалпыұлттық екпе егу кампаниясы қолға алынды. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта Иракқа тырысқақ дертіне қарсы 500 мыңнан аса екпе дәрісін жөнелтті.