«Ынтымақ түбі игілік» атты республикалық шығармалар байқауын жариялайды
«Ынтымақ түбі игілік» атты республикалық шығармалар байқауын жариялайды

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай «Ынтымақ түбі игілік» атты республикалық шығармаларбайқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Ел тарихындағы дін мен дәстүрдің ұштасқан озық үлгісін көрсету, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа жеткізу, ықылым заманнан атадан балаға мұра болған мәдени мұраларымызды, дінаралық татулық пен төзімділіктің қазақстандық үлгісін насихаттау, қоғамда діни эсктремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың жат пиғылын әшкерелеу.

 

Байқау екі номинация бойынша жүргізіледі:

  1. Мүшәйра (поэзия)
  2. Көркем шығарма (проза – әңгіме)

 

Шығармаларға ұсынылатын тақырыптар:

1. Дін мен дәстүр сабақтастығы.

2. Отан отбасынан басталады.

3. Ұлттық тәрбие – рухани азық.

4. Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі.

5. Қазақ хандығы дәуіріндегі мұсылманшылық.

6. Теріс діни ағымдар – ел дұшпаны.

7. Экстремизм дінге жат.

8. Бөтен елдің соғысына есі ауған қатысады.

9. Отанды сүю – иманнан.

10. Бірлік болмай, тірлік болмас.

 

Мүшәйра талаптары: байқауға ұсынылатын өлеңдер 2 беттен аспауы және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.

 

Көркем шығарма (әңгіме) талаптары: әңгіме 3 беттен кем болмауы және бұрын еш жерде жарияланбағана болуы тиіс.

 

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер өз туындыларын 2015 жылдың 20-қыркүйегіне  дейін shapagat.atyrau@mail.ru электронды поштасына жіберуі тиіс. Байқауға  қатысушы міндетті түрде өзінің аты-жөнін, мекен жайын, телефон нөмірі адрестерін де көрсетуі тиіс. Байқау жеңімпаздарын арнайы қазылар алқасы анықтайды. Әрбір номинация бойынша жеке жүлделер белгіленеді. Байқауға келіп түскен материалдар maturidi.kz сайтында жарияланады.

 

Байқауға қатысатын шығармамен бірге мына құжаттар жолдануы қажет:

- төлқұжаттың көшірмесі;

- шығармашылық өмірбаян;

- 10-15 көлемдегі түрлі-түсті фотосурет.

 

Байқаудың шарттары:

-       байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;

-       шығарма мазмұны тақырыпқа сай болуы керек;

-       шығарма тілінің әдеби-көркемдік эстетикалық ерекшеліктері ескеріледі.

-       байқау материалдары “Times New Roman” шрифтісінде 12 п.т. кегльмен, А4 форматты электронды нұсқада қабылданады.  

 

Жүлделер:

Бас жүлде    –  250 000  (екі жүз елу мың) теңге

І орын           –  100 000  (жүз мың) теңге

ІІ орын          –  75 000    (жетпіс бес мың) теңге

ІІІ орын         –  50 00      (елу мың) теңге

Байланыс телефондары:  

8 (7122) 20 31 83 факс, 755 660.   

8 775 658 94 81                  

8 777 164 93 53 

http://maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/726-yntymak-t-bi-igilik-atty-respublikalyk-shy-armalarbajkauyn-zhariyalajdy

Шапагат АтырауШапагат Атырау
9 жыл бұрын 4809
0 пікір
Блог туралы