Пайдалы кеңес: Балаңыз аллергиядан аулақ болсын десеңіз…
Пайдалы кеңес: Балаңыз аллергиядан аулақ болсын десеңіз…

Кішкентай балаларда диатез, аллергиялық аурулар қазірде жиі кездеседі. Соның әсерінен баланың денесіне әртүрлі қызарған бөртпелер шығады. Тағамнан болатын аллергия бүгінде әрбір үшінші балада кездеседі екен. Міне, сондай кезде баланың тағамына зер салып, қандай тағамдардың зиянды екенін білген жөн.

1.Сиыр сүті. Алғашқы алты айлықта баланың сиыр сүтіне аллергиясы жоғары болатындықтан, оны тек 4 жасына қарай ғана ішкізуге болады. Оған дейін ешкі сүтін берген жөн.

2.Жұмыртқаның ақ уызы. Әдетте суға жақсылап қайнатылған жұмыртқа аллергия туғызбайды. Тек оның сыртқы жұқа ақ қабығын (пленка) алып тастау керек. Сондай-ақ егу кезінде де аллергиясы бар балаларды байқау керек – өйткені қызылшаға, шошқамойын ауруына (свинка) , тұмауға қарсы вакциналар негізінен тауық эмбриондарының негізінде жасалады.

3.Балық және уылдырық. Әсіресе, балаға тұздалған, кептірілген балықтарды және балық сорпасын бермеген жөн. Сондай-ақ балаға әртүрлі жапсырма маркаларды, желім арқылы жабысатын сурет-кітапшаларды бермеу, конверт бұрыштарымен ойнауға тыйым салу керек. Өйткені бұл желімдер балық сүйектерінен жасалатын көрінеді.

4.Жемістер. Бұлардың ішіндегі нағыз аллергия тудыратын жемістер – алма, алмұрт, ішінде сүйегі бар жемістер, ананас, анар, киви, цитрустық жемістер. Үнемі түшкіріп, мұрны бітіп, көзі қызарып, аллергиядан азап шегетін балалардың көпшілігі алманың гүлдеген кезінде ауыратындықтан, алманы қабылдай алмайды.

5.Жидектер. Құлпынай, таңқурай, бүлдірген – ең аллергендік жидектер болып табылады. Алғаш бақшадан үзіп алынған 20 минуттың ішінде бұл жидектер қауіпсіз болуы мүмкін, одан соң біраз тұрып қалған жидектерде аллергендер пайда бола бастайды.

6.Көкөністер. Шпинат, көкжелкен, сельдерей, қызанақ, бұршақтың түрлерін, фасоль, соя, үрмебұршақтарды аллергиясы бар балалардың ас мәзірінде аз қолданған жөн.

7.Жаңғақ пен шемішке. Балаларда грек жаңғағына, арахис, фундук, миндаль дәндеріне және күнбағыс шемішкелеріне аллергия бірден және тез пайда болады.

http://www.maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1161-bala-yz-allergiyadan-aulak-bolsyn-dese-iz

Шапагат АтырауШапагат Атырау
9 лет назад 5268
0 комментариев
О блоге