Елдегі азық-түлік тапшылығы себебінен қымбаттап кеткен базар нарқы Судан халқының Оразаға деген ниеттерін сәл де болса төмендете алмады.
Керісінше қасиетті Рамазан айында қала көшелерінде ауызашарлар көптеп ұйымдастырылып, экономикалық қиын жағдайды бастан кешіріп отырған елдің ауызбірлігін одан сайын арттыра түсуде.
Көпшілікке жайылған ауызашар дастарханынан кез келген адам дәм тата алады, - деп хабарлайды Ал-Арабия.ком сайты.