Бұл белгілі исламтанушы, аудармашы Ибадуллаев Сәбиттің бірнеше жылғы еңбегінің жемісі. Жұмыс барысында атақты тәпсірлер мен әр түрлі тілдердегі мағыналық аудармалар сараланған. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Оқырманның Құран мәтіндерін қаз-қалпында ұғынуы мақсат тұтылған. Ол үшін қасиетті аяттардың мағыналары мен стилінің өзгеріссіз сақталуы басты назарда ұсталған. Сөздердің мәнін ашатын балама және қосымша мағыналары тік және жай жақшалардың ішінде көрсетілген. Қазақ тілінің бай сөздік қоры кең қолданыс тапқан. Аударманы редакциялауға араб, қазақ тілдерінің білгірлері мен жетекші діни мамандары ат салысқан. Жұмыс діни және тілдік сараптамалар тарапынан оң бағаға ие болуда. Осы еңбек халықтың ыстық ықыласына бөленеді деп сенеміз. Көзі қарақты, ізгі ойлы оқырманның қасиетті аяттар туралы діни пайымы мен таным көкжиегін кеңейтуге сеп болады деп ойлаймыз» делінген хабарламада.