Санасыз ит болса да нәрестені өлім аузынан сақтап қалды
Санасыз ит болса да нәрестені өлім аузынан сақтап қалды

Бразилияда  жаңа туған сәбиді ит құтқарып қалды. БАҚ хабарлауынша, ит үйілген қоқыстардың ішінен жаңа туған нәрестені  тауып алып, онытісімен абайлап қана тістеп өзінің иесіне әкелген.

Әйел сәбидің денесіндегі қан іздерін көріп, оның жаңа ғана жарық дүние есігін ашқанын түсінген. Дереу баланы жақын маңдағы ауруханаға апарды. Дәрігерлер шарананы аман алып қалды. Оның жағдай қалыпты деп бағалануда. Тергеу нұсқасына қарағанда, ит анасының баласын қалдық тасталатын жерге қалдырғанын көрген де дереу қазып алған. Сөйтіп сәбиді ажалдан алып қалған.

Нәрестенің анасы көп ұзамай табылды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Енді оған сот алдында жауап беруге тура келеді.

http://www.maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1162-braziliyada-it-kokys-arasyna-tastal-an-naresteni-k-tkardy

Шапагат АтырауШапагат Атырау
8 жыл бұрын 3791
2 пікір
  • Ит екеш итте де мейірім бар. Адам азғындалса хайуаннан да жаман болады деген рас қой. Өте өкінішті.
    8 жыл бұрын
  • сана мен сезім бөлек жаратылыс екеніне көз жеткізу керек... үкім айтпас бұрын
    8 жыл бұрын
Блог туралы