Біліңіз: Қазақстан “Ислам мемлекетін” террористік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салыпты
Қазақстан “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымын террорлық ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің хабарлауынша, ИМ-ды террорлық ұйым деп тану туралы шешімді Астананың Есіл аудандық соты 15 қазанда шығарған. Қазақстан ИМ-ге дейін 16 діни ұйымды террорлық деп танып, қызметіне тыйым салған. Олардың қатарында “Әл-Қаида”, “Өзбекстан ислам қозғалысы”, “Шығыс Түркістан ислам партиясы”, “Талибан”, “Орталық Азия моджахедтер жамағаты” сияқты ұйымдар бар. ИМ...